jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ұлттық қор – балаларға": қазақстандық балалардың шотына 130 доллардан аударылды

    Ақша ұстаған бала
    Ақша ұстаған бала. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында әрбір қазақстандық балалардың шотына 130,71 доллардан аударылды, деп хабарайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды", - делінген хабарламада.

    "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ долларынан бөлінсе, 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелген.

    Ұлттық банктің мәліметінше, балаларға есептелетін сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақмерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасады.

    Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалар шотына аударылған қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді, сол арқылы қосымша табыс әкеледі.

    Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, бағдарлама іске асқалы үш жылдан бері жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 АҚШ доллары болған.

    "Ұлттық қор – балаларға": қазақстандық балалардың шотына 130 доллардан аударылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.