Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев елбасының орыс тіліне қатысты сөзіне пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook желісіндегі Ақорданың арнайы парақшасында президенттің тіл туралы айтқан сөзіне қатысты өз пірікін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Өз сөзінде президент шенеуніктердің мемлекеттік қызметтерді көрсете отырып, азаматтардың сұраныс жасаған тілін есепке алуы керек екенін нақты айтты. "Тіл туралы" Заңда "Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi. Өтініш мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiміне орай шағым жасауға құқылы екенін түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс" делінген. Шенеуніктердің заңның бір ғана бөлігін есепке алатын жағдайлары кездеседі. Ел президенті мемлекеттік қызметкерлерге дәл осы жағдайтты ескертті. Мысал ретінде ол орыс тілінде келіп түсетін өтінішті келтірді, алайда бұл талап билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматтарға жауап бере алмайтын жағдайларына да қатысты. Сондықтан осы тақырыптың айналасындағы (қазақ тіліне ) алаңдаушылықтың ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы", - деп түсіндірді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес кезінде орысша сауалнама жіберген тұрғынға қазақша жауап берген шенділерге шүйліккен болатын.

"Маған келіп жеткен ақпарат бар. Адам орыс тілінде сауал жолдап, жауапты қазақ тілінде алып жататын жағдайлар туралы қауесеттер менің құлағыма жетіп отыр. Прокуратура неге тексермейді? Егер адам орыс тілінде сұраса, жауап та орыс тілінде болуы керек. Президент Әкімшілігіне барлық облыс бойынша тексеруді тапсырамын. Бұлай жасайтындардың барлығын жұмыстан қуылу керек", - деген еді Назарбаев.

Ал заңгер Абзал Құспан орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1048729-dauren-abaev-elbasynynh-orys-tiline-qa/

pixel