Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Бозымбаев Павлодар облысымен қимай қоштасты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қанат Бозымбаев Энергетика министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін осы қызметте болған Владимир Школьник Энергетика министрі қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі барып Бозымбаевты Астанаға ертіп әкетті. Жергілікті жұртпен қимай қоштасқан Бозымбаев болса, біраз ағынан жарылды деп хабарлайды КТК арнасы.

"Павлодарлықтар ешқашан артыңнан сөз айтып жамандамайтын халық. Жергілікті жұрттың жауапкершілігі және іскерлік қасиеттілігі мол. Екі жылда алға қойған мақсат міндеттер толығымен орындалмаса да біраз жұмысты бірге атқардық", - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетсек, Бозымбаев Павлодар облысының әкімі қызметін 2013 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді. 2009 жылдың 30 қарашасынан бастап 2013 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі болды. Әр жылдары «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1081184-qanat-bozymbaev-energetika-ministri/

pixel