Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат парламенттегі 7 мың литр ішімдік туралы: Біз ондай сатып алулар бар екенін де білмедік

Опубликовано:

Қазақстан парламентінің депутаттары мен экс-депутаттары шаруашылық басқармасының 11 мың шөлмек ішімдікке тапсырыс бергеніне орай NewTimes.kz агенттігіне түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Бұл туралы естіген емеспін. Мен және әріптестерім тегін ішімдік ішкен емеспіз», ― дейді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

«Менің бұған қандай қатысым бар? Мен оны білмеймін. Парламентте шетелдіктермен ешқашан коньяк немесе арақ ішіп көрген емеспін», ― дейді мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

«Мен ішпеймін, сол үшін бұл маған тіптен қызықсыз. Осы тендерді ұйымдастырып отырғандарға хабарласыңыз», ― дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

«Өзім ешқашан ішкен емеспін, ондай нәрсе болғаны есімде жоқ. Бұл сұраққа жауап бергім де келмейді. Қазіргі депутаттардан сұраңыз, не себепті 11 мың шөлмекке тапсырыс бергендерін солар түсіндірсін» ― дейді мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова.

«Мен ондай дүниелерге жауап бергім келмейді», ― деп қысқа қайырды мәжілістің экс-депутаты Мұрат Әбенов.

Мәжілісмен Серік Сейдуманов болса, парламенттің шаруашылық басқармасының 11 мың шөлмек ішімдікке тапсырысы депутаттық корпусқа арналмағанын алға тартты.

«Шынын айтқанда, бұл біз үшін жаңалық болды. Ондай сатып алулар болуы мүмкін екенін де білмедік», - дейді депутат.

«Депутаттық корпус үшін ішімдікке ешқандай қажеттілік жоқ. Бұл мемлекеттік сатып алу депутаттық корпус үшін жасалып жатқан жоқ. Мемлекеттің есебінен ішімдікті депутаттық корпусқа алдырғанды тәжірибемде кездестірген емеспін», ― деді ол.

«Ресми қабылдаулардың жөні бөлек. Бәлкім парламентке келетін шетелдік делегацияларға қандай да бір іс-шара ұйымдастырылатын шығар? Олар үшін өте сирек кездесетін арнайы қабылдаулар жасалуы мүмкін», ― дейді Сейдуманов.

«Сіз бізге тақырып ұсындыңыз, біз бұл мәселені шешетін боламыз», ― деп сендірді мәжілісмен.

Еске салсақ, бұған дейін парламенттің шаруашылық басқармасы 11 мың шөлмек арақ-шарапқа тапсырыс бергені туралы хабарланған болатын.

NUR.KZ порталының тілшісі ең арзан ішімдікке тапсырыс бергеннің өзінде 7 612 литр ішімдікке 15 млн теңге кететінін есептеп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1101350-deputat-parlamenttegi-7-mynh-lirt-ishimd/

pixel