jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұрсұлтан Назарбаев: Әсіре мақтау сөздер маған әсер етпейді

    : UGC

    Астанада Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мақтау сөздер көп айтылды. Бiрақ президент мадақ сөздер орнымен айтылып, артық болмауы қажеттiгiн алға тартты деп хабарлайды BNews.kz.

    Жиын соңында елбасы бәрiне iлтипат сөздерi үшiн алғысын бiлдiрдi.

    «...Бүгiн менiң атыма көп әсіре мақтау сөз айтылды. Менiң жасым да, тәжiрибем де үлкен, сондықтан мұндай сөздер маған әсер етпейдi, әрине. Шын мәнiнде iстелген iстер туралы айтылса, онда жөн, бiрақ одан артық айтылмауы тиiс. Дегенмен мен баршаңызға жылы сөздерiңiз үшiн алғыс айтамын. Мұның бәрi менi болашақ iстерге қанаттандыру үшiн айтылып жатыр деп есептеймiн. Дәл қазiр мен қанаттанып отырмын деп сiздердi сендiргiм келедi», - деп күлiмсiредi Назарбаев.

    Жиында бүгiн қоғам және мемлекет қайраткерлерi, депутаттар, әкiмдер, дәрiгерлер, ұстаздар, спортшылар, тiптi оқушылар да сөйледi. Олардың бәрi елiмiздiң 25 жылдағы жетiстiктерiн тiздi.

    Әсiресе, барлық сөйлегендер елбасының ерен еңбегiне ерекше тоқталып, мақтау сөздерге сараңдық танытқан жоқ. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тiптi кеңiнен көсiлдi.

    Ол сөйлеп бiткен соң сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «баяндама жасағандай болдыңыз ғой» деп, мiнберге келесi шығатын адамдардан қысқа сөйлеудi өтiндi.

    Тағы оқыңыздар:

    Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

    Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

    Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

    Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

    Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

    Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

    Нұрсұлтан Назарбаев: Әсіре мақтау сөздер маған әсер етпейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.