Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психологтар еліміздегі министрлерді галстуктарына қарап сипаттап берді (фото)

Опубликовано:

Галстук киген ерлердің салмақты болып көрінетіні жасырын емес. Психологтар галстуктен қожайынының қандай екенін топшылауға болады деген пікірде. Галстуктің түсі, суреті, тіпті пішіні де адамның қасиеттерінен сыр шертетін көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет отырысына жиналған министрлердің тағып келген галстуктарын зерттеген психолог мамандар олар туралы қызықты ақпарат берді.

Қазақстанның премьер-министрі көк түсті галстук тағып келген. Бұл Бақытжан Сағынтаевтың сенімді әрі көпшіл адам екенін байқатады. Премьердің аксессуары оның сыпайы әрі белді адам екенін көрсетіп тұр.

Егер ер адам көк түсті галстук тақса, ол оның өктемшіл әрі өз қағидаларына берік адам екенін білдіреді. Әділет министрі Марат Бекетаев дәл сондай галстук тағып келген.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болса, жолақ галстук таңдаған. Мұндай классикалық галстуктар қожайынының сабырлы әрі іскер адам екенін аңдатады дейді психологтар.

Жолақ галстук таққандар адал әрі қамқор жандар екен. Олар тым қатты жұмысқа берілмесе де, жақсы әке, мінсіз күйеу бола алады.

Білім беру саласындағы реформатор Ерлан Сағадиевтің қара-қызыл галстук таққаны бекер емес. Дәл осы түс амбицияның жоғары болуын, табандылықты және мақсаттылықты білдіретін болып шықты.

Психологтар қызыл галстук тағатын жігіттердің жиі қызмет ауыстыратынын, дегенмен өз арманындағы жұмысты тапса, оған бар күшін сарп ететінін айтады.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек - көңілді әрі оптимист адам. Бұны оның ақшыл түсті галстугы байқатуда. Ал оның үстіндегі кесте Қасымбектің жоғары іскерлік қабілетін аңдатады.

Ал Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің көзге бірден түсетін галстугы оның өз кемшіліктеріне тым көп мән беретінін білдіреді дейді психологтар. Мамандар мұндай галстук өзгелердің назарын өзіне қаратудың бір амалы дегенді алға тартты.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қара-қызыл түсті галстугын тағып, психологтардан оң баға алды. Мұндай галстуктың қожайыны қашан да өзіне сенімді болады. Ал галстуктың өрнегі Сұлтановтың әділ әрі кәсіби адамдар қатарында екенін байқатқан.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алқызыл галстук тағып келген. Мұндай галстукты эмоцияға берілгіш әрі сезімтал жігіттер тағады екен. Галстуктағы кесте оның әзілдей білетінін және жиі күтпеген әрекеттерге баратынын байқатады.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, галстугымен өзінің романтикалық жан екенін байқатқан. Психологтар мұндай адамдардың қиялға жиі берілетінін айтуда.

Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов бір түсті галстук таңдап, өзінің қырағы әрі құпиясы мол адамдар қатарынан екенін көрсеткен. Мұндай адамдар жаңашылдықты ұната бермейді, бірқалыптылықты жақтап, қағазбастылыққа жиі беріледі. Бәрінде тәртіп болғанын ұнатады.

Ал қара-жасыл галстук иелері бірінші орынға отбасын қояды. Дәл сондай галстукты бірінші вице-премьер Асқар Мамин тағып алған.

Амина Қурманғазиеваның материалынан аударылды

Тағы оқыңыздар:

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды

Әйгілі айтыс ақыны "Нұр Отан" партиясының мүшесі болды

18 жылдан соң түрмеден шыққан журналист Шавкат Мирзияевқа алғысын жаудырды

Танымал режиссер атышулы Ninety one тобы туралы фильм түсіреді

Жердегі саяхаттан шаршаған адамдар енді айға аттанбақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1424868-psikhologtar-elimizdinh-ministrlerin/

pixel