Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық заңгерлер жалақысы өскен депутаттарға наразылық білдірді

Жарияланған күні:

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап депутаттардың жалақысы 50 пайызға өсті. Басқаратын комитетіне, еңбек өтіліне қарай қосылатын үстемелері тағы бар. Сонымен, жекелеген депутаттар миллион теңгеге дейін айлық алатын болды.

АҚШ «теңгесіне» шаққанда 3000 доллардан асатын жалақы мәжіліс депутаттарына қандай еңбегі үшін төленбек?

Салыстырып көрейік, мәселен, АҚШ конгресінің мүшесі айына 13 мың доллар жалақы алады. Елдегі орташа жалақы шамамен 3,5 мың доллар. Яғни, орташа айлық алатын америкалықтан конгресмен 3,7 есе көп табады.

Әлемдегі ең көп жалақы алатын депутат – Италия парламентінің мүшесі. Бұл елдің депутаттарының жалақысы 15 мың еуроға дейін. Қоңырқай тіршілігі бар әрбір италияндық айына шамамен 2 мың еуро табады. Ендеше, депутаттың айлығы одан 7,5 есе көп.

Ресей думасы депутатының стандартты айлығы өткен жылға дейін 80 мың рубль болатын. Бұл шамамен 440 мың теңге. Депутаттың біліктілігі мен еңбек өтіліне қарай қосылатын үстемелерін есептегенде, 300-320 мың рубльге жетеді.

Соған қарамастан, өткен жылы үкімет мемдума депутаттарының айлығын екі есеге өсірді. Кейбір ақпарат көздерінің енсептеуіне қарағанда, жекелеген депутаттар 800 мың рубльге (4,5 миллион теңгеге жуық) дейін жалақы алады екен.

Өткен жылдың есебі бойынша, Ресейде орташа жалақы – 32 122 рубль. Біздің есеппен 177 мың теңгеге жуық. Ендеше, орташа айлығы бар орыстан дума депутаты 2,5 есе көп айлық алады.

Қазақстандағы орташа айлық – 143 650 теңге. Енді миллион теңгеге жуық жалақы алатын депутаттың қарапайым қазақтан қанша есе көп алатынын есептеп көріңіз.

Белгілі заңгер Кәмшат Есмұханбетқызы әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды:

«Құрметті, депутаттар! Cіздер әдемі костюм киіп, мінбеге шығып ел алдында сөйлейсіздер. Халықтың төлеген салығы есебінен тегін үй және көлікпен қамтылғансыздар. Сіздерге төленетін жалақы да жоғары. Енді міне, сол айлық жалақыңызға ай сайынғы үстемақы қосылып отыр.

Мен сіздердің қалталарыңызға үңіліп, ақшаның қайда жұмсалып отырғанын айтып отырғаным жоқ. Алайда қарапайым халықтың бүгінгі жай-күйіне мән бермей, жандарыңыз неге ашымай отырғанына күйінемін.

Халық қалаулысы деген ардақты есімге лайықты болғандарыңызды қалаймын. Бәрімізге мәлім заңнамада азаматтарымыздың құқығы бұзылып, кәмелет жасқа толмаған қыздардың зорлануы жиілеп барады. Қарапайым халық мына сіздерден әділдік сұрап барғысы келмейді, заңгерлерден көмек сұрайды.

Көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы сіздер алатын жалақының төрттен бір пайызы ғана екен. Әртүрлі салада ерен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан біздің қазыналы қарияларымыздың (көпшілігінің) санаторийге барып ем алмаса да, жай дем алғандарын көрдіңіздер ме?

Әрбір қазақтың жанашыры, заңгері ретінде сіздерге қоятын сұрағым төмендегідей:

1. Неге қарапайым xалықтың құқығы заңнамаға сәйкес тең сақталмайды?

2. Неге қарапайым халықтың үкіметтен алатын жәрдемақысы, зейнетақысы, әрі жалақысының мөлшері төмен?

Халықтың мүддесі үшін тиісті шешімдерді уақытылы қабылдап, ел игілігі үшін нәтижелі қызмет атқаруыңызды талап етемін!»

«Жалқау жатып ішеді, отырып ұйықтайды» деген мақал бар. Мұны Гүлжан Қарағұсова бүгінгі депутаттың тіліне салып, былай деп түсіндіріп берген: «Кім қалай жұмыс істесе, жағдайы да солай болады».

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Елімізде жауын-шашынды ауа-райы сақталады

Әнші Сивидің мұнай магнатының қызы екені рас па?

Димаш Құдайберген финалда қалай өнер көрсетті? (видео)

Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Кәсіпқой бокста бақ сынаған қазақ қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1467161-qazaqstandyq-zanhgerler-zhalaqysy-osk/