Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Шалқарға Сапарбаевтың келгенін байқамаған ауыл әкімі талып қала жаздады

Жарияланған күні:

Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Шалқар ауданының бірнеше ауылын аралады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

2000 тұрғыны бар Бегімбет ауылы инфрақұрылым жетістіктерінің қызығын көріп отыр. Облыс əкімін күтіп алған халық жағдайының жақсы екенін жеткізді. Шағын ауылда 38 шаруа қожалығы бар.

Тағы оқыңыздар: "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бомба қойылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Осы ауылдағы халықтың əрқайсысының қалада бір-екі үйлері бар. Біз Шалқар ауданы арқылы емес өзіміздің ауылдан қалаға тікелей қатынайтын вагон болса екен дейміз", - дейді жол қатынасы мəселесін көтерген ауыл зейнеткері.

165 мың теңге айлық алатын ауыл əкімінің жағдайы тамаша

Ауыл əкімі тұрғындар тұрмысының жақсы екенін мақтанышпен жеткізді.

"Ауылдың жағдайы жақсы. 329 үйдің 300-інде машина бар. Кейбір үйде 2-3 көліктен ұстап отыр. Орташа жалақы 50-60 мың теңге көлемінде. Мен 165 мың теңге шамасында аламын. Бəрі жақсы, халықтың жағдайы тамаша", - дейді Бегімбет селолық округының əкімі Əліби Саттықов.

Тағы да оқыңыздар: Назарбаев: Түркия - бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі

Сапар барысында аймақ басшысы ауыл тұрғындарының намысын қамшылап кетті.

"Ауыл қазіргі заман талабына сай болу керек. Мемлекет барлық жағдайды жасайды, тұрғындар да айналасын тазарту керек. Құлаған қорасын, ауласын дұрыстап, терезелеріңізді əктеп отыруларыңыз керек.

Немістен, орыстан қай жеріміз кем? Олар айналасын əктеп, шарбағын реттеп қояды. Бізде қазақ деген намыс болу керек. Заман басқа. Қалталарыңызда ұялы телефондарыңыз бар. Айналаңыз солай қараңыздар. Адам мəдениетті жанұясынан бастау керек", - деді облыс əкімі.

Тағы оқыңыздар: Алты баланың анасы кесарь тілігі кезінде дәрігер салғырттығынан көз жұмды (фото)

Сапарбаевты көрген ауыл əкімінің жүрегі ұстап қала жаздады

Ауылға облыс əкімінің келгенін көрмеген Байқадам ауылдық округының əкімі қатты састы. Ауыл əкімі көк тер болып жүгірумен болды.

Есет атаның кесенесінесінің басында əкімдердің көлігінен қалып қойған ауыл əкімі журналистер мінген машинаға отырды. Қатты сасқалақтаған əкім журналистерден өзінен ешқандай ақпарат сұрамауын айтты.

"Ентігіп қалдым, біртүрлі жүрегім қысылып отыр. Жағдайым жақсы. Тек қатты ентігіп қалдым", - дейді Байқадам ауылының əкімі.

Əкім өзінің атын айтудан да бас тартып, өзін мазаламауды сұраумен болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1512012-atyshuly-shalqargha-saparbaevtynh-kelge/