Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақтар той десе ішкен асын жерге қояды
Опубликовано:
Астананың келешек дамуы жөніндегі жиналыс барысында елорданың 20 жылдығы басты тақырыптардың біріне айналды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың мерекелік күндерді жақсы көретінін айтып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әсет Исекешев президент алдынды есеп беру кезінде, Астанада 645 мерекелік іс-шара жоспарланып қойғанын хабарлады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
5 шілде – қаржы орталығының халықаралық презентациясы. Бұл іс-шараға көптеген саяси және іскер тұлғалар шақырылған;
4 шілде – әлемдік исламдық экономикалық форум;
3 шілде – Жібек жолы мемлекеттерідегі қалалар әкімдерінің форумы.
Ең басты жобалардың бірі - Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін астаналар шеруі. Іс-шараға қатысуға Мәскеу, Бейжің және Анкара өз келісімдерін берген.
Астана әкімінің айтуынша, мамыр, шілде және маусым айларында болатын іс-шаралар толығымен жоспарланып қойылған.
«Біз бәріміз мейрамдарды жақсы көреміз. Той десе қазақтар ішкен асын жерге қояды. Көптеген облыстар қатысқысы келетіндерін айтты, бәрі өз орнымен өту керек, асыра сілтеудің қажеті жоқ», - деді ел президенті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1725116-nrsltan-nazarbaev-kazaktar-toj-dese-isken-asyn-zerge-koady/