Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс

Опубликовано:

Елбасы өзінің Алматы облысына іс-сапары кезінде Үшарал қаласына барып жаңа әуежайдың қызметімен танысып қайтты. Оған қоса, президент облыстың шағын авияция мен туризм саласын барынша дамыту керектігін айтып, тиісті органдарға бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс
Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Алакөл ауданының Ақши кенті стансасындағы темір жол вокзалының жаңа ғимаратын аралап көрген соң, мемлекеттегі туризм саласы мен көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде келелі кеңес өткізді.

Фото. tengrinews.kz
Фото. tengrinews.kz: UGC

Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов Алматы облысындағы туризмнің даму барысы жөнінде баяндады.

"Соңғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теңгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теңгеге жетіп, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе артты", - деді Алматы облысының әкімі.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz: UGC

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу жұмыстарының іске асырылу барысы жөнінде баяндады.

"2017 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мың шақырым жолдың барлығы бір қалыпқа келеді деген ойдамыз", - деді Инвестициялар және даму министрі.

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс
Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс: UGC

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі және сыртқа шығу туризмін дамыту үшін барлық кедергілерді алып тастау жұмыстары барысымен таныстыра өтіп, ЭКСПО-ның жағымды әсерін қолдау мақсатымен министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтып өтті.

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс
Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс: UGC
"Еліміз туризмнің экономикалық әсерін іс жүзінде ЭКСПО-ны өткізу барысында сезінді. Сол кезде Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Ішкі туризм легі 20 пайызға артып, шамамен 6 миллион адамға жетті", - деді ведомство басшысы.

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс
Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс: UGC

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туризмін одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтіп, оны одан бетер жоғары деңгейге көтеру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға бірқатар тапсырма берді.

Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс
Назарбаев: Алакөл ең көп демалушы баратын жерге айналуы тиіс: UGC
"Алакөл Қазақстан бойынша ең көп демалушы баратын жерге айналуы керек. Ол ыңғайлы жерде орналасуымен ерекшеленіп, барлық өңірдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдің бірегейлігі суының емдік қасиетімен байланысты. Оның құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1730956-nazarbaev-alakl-e-kp-demalusy-baratyn-zerge-ajnaluy-tiis/

pixel