Елбасы: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жою керек

Опубликовано:

Бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауқаттылар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жою қажеттігін айтты. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елбасы: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту керек
Елбасы: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту керек: UGC

Елбасы бұл ретте әлемде орын алып жатқан бірқатар мәселелерді атап өтті.

"Геосаяси тұрғысындағы тұрақсыздық, түрлі санкциялар – мұның бәрі түрлі елдердің көшбасшы атану үшін ойлап тапқан тәсілдері. Сол себепті, ауқаттылар мен кедей адамдардың табысы арасындағы алшақтықты азайту керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әлемдегі ауқатты деген 62 адамның активтері бүгінде адамзат баласының жартысына жуығының әл-ауқатымен теңескенін атап өтті.

Елбасы: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту керек
Елбасы: Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту керек: UGC
"Халықаралық сарапшылардың айтуынша, былтырғы жылы жасалған 80% әл-ауқаттың, яғни жағдайдың тек 1%-ы ғана тұрғындарға арнап жасалған екен.
Парадокс, бірақ адамдардың өмірін жақсартады деп күткен ғылыми-техникалық прогресс шын мәнінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықтың артуына әкеліп соқтырып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, аталмыш форум елордада мамырдың 17-19 аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1732277-elbasy-bajlar-men-kedejler-arasyndagy-alsaktykty-zou-kerek/

jitsu gif