Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әблязовпен болған" секс-дауында "Путиннің басты жауының" есімі аталды

Опубликовано:

Поляк қорының өкілі басшысының "Әблязовпен болған қатынасынан" бөлек Магнитский актісі авторының қатысуымен болған өзге видео да бар екенін айтты. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Билл Браудер мен "Мұхтар Әблязов пен оның лоббисті Людмила Козловская". Фото: dic.academic.ru. Коллаж: NUR.KZ
Билл Браудер мен "Мұхтар Әблязов пен оның лоббисті Людмила Козловская". Фото: dic.academic.ru. Коллаж: NUR.KZ: UGC
"Осы хабарлама арқылы "Ашық диалог" фундациясының президенті Людмила Козловскаяның Билл Браудер, Мухтар Әблязов яки басқа біреумен төсек қатынасында болды деген желіде тарап кеткен видеолардың жалғандығын растаймыз", - делінген қордың ресми сайтында.

Алайда, секс-дауға америкалық қаржыгердің қандай қатысы бар екендігін Козловскаяның күйеуі де, оның қоры да, Козловскаяның өзі де, Мұхтар Әблязов та айтып бермеді.

Фото: alphanews.live
Фото: alphanews.live: UGC

NUR.KZ редакциясы Билл Браудерге оның Людмила Козловскаямен төсек қатынасында болды деген видеолары жайлы білу мақсатында хабарласқан болатын. Бірақ осы уақытқа дейін қаржыгер ешқандай пікір бермеді.

Билл Браудер Магнит актісінің авторы ретінде таныс. Ол осыған дейін Ресейде өз жұмысын тоқтатқан "Hermitage Capital Management" инвестициялық қорының негізін салды.

2017 жылы Ресей сот оны тоғыз жылға соттап, салық төлемегені үшін 4 млрд рубльді төлеуге міндеттеді.

Жақында қаржыгер өзін "Путиннің басты жауы" деп атап, Батысты ресейлік бай-бағландарға қарсы шығуға шақырды.

Еске салайық, желіде "Мұхтар Әблязовтың поляк құқық қорғаушысымен кездескен видеосы" тарап кетті.

Әблязовпен кездесті деген әйел сол видеоға қатысты пікірін де берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1737775-blazovpen-bolgan-seks-dauynda-putinni-basty-zauyny-esimi-ataldy/

pixel