Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Әрбір Қазақстан азаматының бақытты өмір кешкенін қалаймын

Опубликовано:

Елбасы Астанадағы "Қазақ еліне мың алғыс" ескерткіші мен "Ұлытау" аллеясын аралап қайтты. Оған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің этномәдени бірлестік өкілдерімен сөйлесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Астананың солтүстік жағалалауын аралаған президент "Қазақ еліне мың алғыс" ескерткішінің маңында жиналған Қарағанды облысына қарасты этомәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп әрі тілдесіп қайтты.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихындағы аса ауыр күндерді есте сақтаудың асқан маңыздылығын айтты.

"Біздің көз алдымыздағы бүгінгі Астананың осындай өзгеріске ұшырауына 20 жыл уақыт кетті. Бас қаланың салынуына бүкіл Қазакқстан халқы атсалысып келеді. Сол себепті, біз бұл мерей тойды еліміздің барлық облыстарымен бірге атап өтпекпіз. Мен әрбір Қазақстан азаматының бақытты өмір кешкенін қалаймын", - деп айтты елбасы.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Назарбаев ел дамуына халықтың ұйымшылдығы елеулі түрде әсер ететінін айтып өтті.

"Біз достық пен сыйластықты сақтауымыз керек. Бірлігі жарасқан елдің болашағы зор болмақ. Мен Қазақстанда тұратын кез келген адамның өз елінде тұрып, жұмыс жасап дамыса деймін", - деп қорытындылады Нұрсұлтан Әбішұлы.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1740193-nazarbaev-rbir-kazakstan-azamatyny-bakytty-mir-keskenin-kalajmyn/