БҚО әкімі Алтай Көлгінов айына 700 мыңнан аса айлық алатынын жасырмай айтты
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысының 14 шенеунігінің ішінде тек екеуі ғана өздерінің айлықтарын жасырмай айтты. Солардың ішінде облыс әкімі Алтай Көлгінов та бар. Бұл туралы uralskweek.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

БҚО шенеуніктерінің ішінде ең көп айлық алатын қызметкер облыс әкімі Алтай Көлгінов екені белгілі болды. Оның бір айда алатын жалақысы 761 889 теңге.
Облыс әкімінің айтуынша, оның жары соңғы жылы ешқандай табыс таппаған. Себебі ол бала тәрбиесінде екен. Әкімнің бес орынбасары айына шамамен жарты миллион теңге алатын болып шықты.

Ал, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, оның ай сайын алатын жалақысы 484 317 теңге. Өзінің жұбайының табысын әкім айтпай қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1740423-bko-kimi-altaj-klginov-ajyna-700-mynan-asa-ajlyk-alatynyn-zasyrmaj-ajtty/