Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25": Пәтер алғандардың айлық табысы анықталды

Опубликовано:

Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека алуға 1300-ден астам адам өтініш берген. Пәтерді иелене алатындардың айлық табысы белгілі болды деп хабарлайды "Баспана" ипотекалық ұйымына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Пәтер. Көрнекі фото: anest.com
Пәтер. Көрнекі фото: anest.com: UGC

"7-20-25" бағдарламасы бойынша алынатын баспананың орташа аумағы 62 шаршы метрді құрады.

Аумағы 62 шаршы метр баспананың негізінен екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды. "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды.

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол — Қазақстанның азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

"Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол "7-20-25" бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғанын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді", — деді "Баспана" ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Оның сөзінше, жылдық үстемесі жеті пайыз болатын "7-20-25" ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.

Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасының ипотекалық несиесін Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK мен ЦеснаБанк арқылы алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1747184-7-20-25-pter-algandardy-ajlyk-tabysy-anyktaldy/