Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Мен қарапайым ауылда өскен қазақпын (видео)

Опубликовано:

Бірінші президенттің телерадиокешені елбасы туралы деректі фильмді өзінің ресми парақшасына жүктеп қойды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан бастап, ел президенті болғанына дейінгі өмірі баяндалады деп жазады NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Бейнематериалда елбасының балалық шағы, президент болған кезі мен қандай қиын мәселелерге тап болғаны көрініс тапты.

"Мен қарапайым ауылда өскен қазақ баласымын. Қарапайым жұмысшыдан бастап, мемлекеттік билік органдарының барлығында қызмет етіп көрдім.
Бүкіл Қазақстанды аралап шықтым. Тіпті шалғай ауылдарды да жақсы білемін." , - деп айтты Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оған қоса президент ел тізгініндегі адамның бойында қандай қасиеттер көп болуы керектігін айтты.

"Бәрі білетіндей президент болып туылмайды. Ел басқарушы деңгейіне жету үшін тер төгіп, көп еңбектену керек. Сол себепті бұл тұрғыда жеке қасиеттер аздық етеді. Президент деген аса жауапкершілігі мол адам болу керек.
Президент - ерекше саясаткер. Себебі оның бір ғана шешімі миллиондаған адамның өміріне әсер етпек. Сол үшін әрбір қадамға сенімді, әрбіп іске жауапкершілікті қараған жөн", - деп айтты елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1748213-nazarbaev-men-karapajym-auylda-sken-kazakpyn-video/