Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айына миллионға жуық жалақы алатын министрлер кім?

Опубликовано:

Қарағанды облысының әкімінен соң, министрлер де қанша жалақы алатынын ашық айта бастады. Бір шенеуніктің жылдық табысына бір үй сатып алуға болады деп хабарлайды "Еуразия" Бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандағы министрлердің жалақысы қанша?
Көрнекі фото: FinMag.kz: UGC

Жуырда ғана Қаржы министрі қызметіне тағайындалған Алихан Смайыловтың банк картасына ай сайын бір миллионға жуық жалақы түсетін болады. Бұл тұрақты түрде беріліп отыратын сыйақыларды қоспағандағы сома. Оның жалақысы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерінен 34 есе көп.

"Әлі бір ай болмады. Мен 18 қыркүйек күні қызметке тағайындалдым. Бірақ, білуімше, қолыма таза 950-960 мың теңге алатын боламын", - деді Қаржы министрі.

Барлық министрдің жалақысы бірдей дерлік. Айлық табыстың көлемі қандай қызметте отырғанына емес, жұмыс өтіліне байланысты тағайындалады. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша, қазіргі таңда оның жалақысы бұрынғыдан кеміп қалған.

"Шамамен, Қошанов айтқандай, 900 мың теңгенің үстінде. Облыстық әкімнің жалақысымен бірдей. Мен "Самұрық-Қазынада" жұмыс істегенде одан екі есе көп алатынмын", - деп есіне алды Қалетаев.

Орташа есеппен алғанда, бір министрдің төрт орынбасары бар. Олардың айлық жалақысы министрдікінен 200 мыңға кем. Барлық салық түрлерін алып қоспағанда, жұмыс өтілі 20 жылға тең қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов 700 мың теңге жалақы алады.

"Бұл сұраққа жауап беру қиын. Ақша ешқашан көптік етпейді. Сондықтан, көңілімнен шығады не шықпайды деп айту қиын. Егер, барлық отбасы мүшелері жұмыс істегенде, жетер еді", - дейді Шолпанқұлов.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына мемлекеттік қазынадан 1 трлн теңге кетеді. Бұл шығын әлі де өсе бермек, себебі жаңа жылдан бастап шенеуніктердің жалақысы өсетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетау әкімінің қанша айлық алатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, Павлодар қаласының басшысы мен Талдықорған әкімі де өз жалақы мөлшерін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758357-ajyna-millionga-zuyk-zalaky-alatyn-ministrler-kim/

pixel