Президент көмекшісі "Самрұқ-Қазына" директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
Жарияланған күні:
Жақында ғана Елбасы көмекшісі болып тағайындалған Ерұлан Жамаубаев "Самрұқ-Қазына" әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында ресми мәлімдеме жарияланды.
Президенттің көмекшісі Ерұлан Жамаубаев енді заңды түрде "Самрұқ-Қазына" директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Мәлімдемеге сәйкес, Астана әкімі Бахыт Сұлтанов пен Жамаубаевтың алдында президент көмекшісі болған Тимур Жақсылықов әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығып қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1770071-prezident-kmeksisi-samrk-kazyna-direktorlar-keesini-msesi-bolyp-sajlandy/