"Қайталанбас басшы": Назарбаев Трамп жайлы өз пікірін айтты
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық журналистермен кездесу барысында АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы өз пікірін білдірді. Президенттің сөз сөйлеген сәті Ақорданың Instagram парақшасына жарияланған деп жазады NUR.KZ.
![Назарбаев, Трамп. Фото:rus.azattyk.org Назарбаев, Трамп. Фото:rus.azattyk.org](https://cdn.nur.kz/images/1120/855c6666ad82dc40.jpeg)
Президенттің пікірінше, Дональд Трамптың ұстанымдары америкалықтардың ережелерінен өзгеше.
"Бұл кездесудің ерекшелігі АҚШ-тың жаңа әрі ерекше президентімен жолығуымызда. Трамптың әрекеттері штат тұрғындарының үйреншікті қағидаларына келмейді. Оның БАҚ-қа деген қарым-қатынасы өзгеше. Әдете президенттер бұлай істемейтін", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, 16 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа реси сапармен барып, Дональд Трамппен кездескен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1770912-kajtalanbas-bassy-nazarbaev-tramp-zajly-z-pikirin-ajtty/