Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты

Опубликовано:

Республикалық «Біздің Депутат» газетінің рейтингісі бойынша аудандық мәслихат хатшылары мен депутаттарына медаль табысталды.

Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты
Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты: Depositphotos

Үздіктерге медаль таққан Парламент Мәжілісінің депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертаев депутаттарды құттықтай отырып, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Әрбір депутат халық сенімін арқалап жүргенін ұмытпай, Отан үшін, ел үшін, туған жер үшін ұмытпай тер төгуі тиіс екендігін атап өтті.

Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты
Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты: Depositphotos

Облыстарға қарасты аудан және қалалар арасынан «Үздік мәслихат хатшысы – 2018» медалі Ақмола облысы Ақкөл ауданы – Салыбекова Жұлдызай Таубайқызына, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлына, Қостанай облысы Арқалық қаласы – Елтебаева Гүлбану Төкенқызына, Түркістан облысы Кентау ауданы – Балабиев Талғат Рахымұлына берілді.

Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты
Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты: Depositphotos

Облыстарға қарасты аудан және қалалар ішінде «Үздік депутат – 2018» медалі Ақмола облысы Бурабай ауданы – Ахметов Марат Нұрсайынұлына, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы – Сәрсенбаев Ибрагим Махайұлына, Алматы облысы Қарасай ауданы – Жазықпаева Жанна Тастемірқызына, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – Дүтпаев Солдат Малбақұлына, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы – Қалдаманов Исенбай Әбиұлына, Түркістан облысы Жетісай ауданы – Ералиев Ербол Жолдасбайұлына табысталды.

Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты
Бақытжан Ертаев үздіктерге медаль тақты: Depositphotos

Сандуғаш Кожина

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774015-bakytzan-ertaev-zdikterge-medal-takty/

pixel