«Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлем 26-шы шілдеге дейін жүргізіледі
Жарияланған күні:
Еуразиялық банк төлемдердің алғашқы екі күнінде – сенбі және жексенбі, 26 және 27 қаңтарда, - Астана банкі клиенттерінің алғашқы легіне қызмет көрсету үшін жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын барлық бөлімшелерді арнайы ашады. Төлем жүргізуге жарты жыл уақыт бөлінеді – 26-шы шілдеге дейін, осы күннен кейін өз қаражатын ҚДКБҚ-нан алуға болады. Өтемді төлеу кезінде жеке тұлғаларға арналған Еуразиялық банк бөлімшелерінен басқа, "Астана Банкі" АҚ клиенттері үшін Еуразиялық банктен ашылатын арнайы төлем орталықтарына хабарласуға болады, — деп хабарлайды NUR.KZ.
Бөлінген қаражат көлемі - 40 миллиард теңге - барлық салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, - деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов. Ол Астана Банкі салымдарының жағдайы қолайлы және депозиттік шоттардың 99,6%-ы толық өтелетінін атап өтті.
Мәселен, теңгедегі салымдар бойынша өтеудің ең жоғары сомасы 10 миллион теңге, шетел валютасымен — 5 миллион теңге болып табылады, ал егер салымшының таратылатын банкте теңгемен және шетел валютасымен бірнеше депозиттері бар болса, жиынтығында 15 миллион теңге ала алады.
Нұрлан Абдрахманов әрбір шотқа, тіпті бір теңгеге дейін көңіл бөлінетінін айтты. Оның айтуынша, кейбір шоттарда 1 000 - 5 000 теңгеден кем сома бар, алайда 15 миллионнан асатын сомасы бар шоттар да баршылық.
Мұндай салымшылар тек 0,4% ғана, дегенмен оларға да көмек көрсетіледі — бірақ, бұл жағдайда шот иелері Ұлттық Банк тағайындаған тарату комиссиясының көмегіне жүгінуі тиіс.
Шот бойынша төлемді Астана Банкінің 275 мың салымшысы алады. Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Павел Логинов атап өткендей, мұндай төлем Қазақстан тарихындағы ең ірі төлем болып табылады:
"Жеке тұлғалармен жұмыс істейтін біздің Банктің барлық 126 филиалы мен бөлімшелері осы қаражатты беруді жүзеге асыратын болады. Ірі қалаларда біз "Астана банкінің" салымшыларына қосымша жеті төлем орталығын ұйымдастырдық, жеке алаңдар дайындадық, қосымша қызметкерлер жалдадық. 26 және 27 қаңтарда банктің барлық қызметкерлері тұрақталмаған кесте бойынша жұмыс істейтін болады, бұл күндері біздің клиенттерімізге қызмет көрсетілмейді, Астана банкінің салымшыларына ғана көңіл бөлінеді. Біз осы екі күн арнайы ажиотажды азайту үшін бөлдік. Банк өзінің ІТ-базасын ҚДКБҚ тізілімімен біріктіріп, процесті барынша автоматтандырды. Бұл бір адамға 10-15 минут ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", — деді Логинов. .
Сонымен қатар, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы төлемдер жарты жыл ішінде жүргізілетінін еске салды. Сондай-ақ, ол Еуразиялық Банк тарату комиссиясы тізілімде белгілеген соманы төлейтінін атап өтті.
Келіспеген жағдайда тарату комиссиясына жүгіну керек.
Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Еуразиялық банк төлемді алудың 4 қолма-қол емес тәсілін және кассадағы қолма-қол ақшаны алудың 1 тәсілін ұсынатынын айтты. Бұдан басқа, өтем алуға ыңғайлы болу үшін біз Астана банкінің клиенттеріне pay.smartbank.kz-те картаны қашықтықтан шығаруға тапсырыс беруді ұсынамыз. Картаны жеткізу тегін, және курьер клиенттерге картамен бірге Астана банкі бойынша өтемақы алуға өтініш бланкін береді. Әрине, клиенттердің бір бөлігі біздің салымшылар болады деп үміттенеміз", — деді Павел Логинов.
Төраға Еуразиялық банкті ҚРҰБ банк-агенті бірнеше критерий бойынша таңдап алғанын атап өтті: сенімділік, пруденциалдық нормативтерді орындау, төлемдерді қамтамасыз етуге қабілетті бөлімшелердің кең желісі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774815-astana-banki-ak-salymsylaryna-tlem-26-sy-sildege-dejin-zrgiziledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.