Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев телефон арқылы кімдермен көп сөйлеседі?

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы телефон арқылы өзге мемлекет басшыларымен жиі сөйлескен. NUR.KZ порталы президенттің қоңырауларын талдап, кіммен көбірек тілдескенін анықтады.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Елбасы 2018 жылы халықаралық әріптестерімен телефон арқылы 36 рет тілдесіпті.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 қоңырауға көбірек. Аталған өсім көршілес елдермен ынтымақтастықтың артқанын көрсетеді.

Басты назарда Өзбекстан мен Қырғызстан тұр. Бұл елдердің билігіне жаңа басшылар келіп, көршілермен саяси және экономикалық қарым-қатынасты жақсарту көзделген.

Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Фото: akorda.kz
Назарбаев телефон арқылы кіммен көп сөйлеседі: Facebook

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесудің көшбасшылығын сақтап қалды.

Екі елдің басшылары 12 мәрте хабарласқан. (2017 жылы - 11 рет).

Негізінен олар екі жақты ынтымақтастық, алдағы кездесулердің кестесі және басқа стандартты тақырыптарды талқылапты.

Бұдан бөлек, Украина, Армения, Сирия және АҚШ туралы пікір алмасқан.

Шавкат Мирзиеев және Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Sputnik Қазақстан
Шавкат Мирзиеев және Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев өткен жылы Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесу бойынша екінші орынға ие. 2018 жылы олар 7 рет хабарласқан. (2017 жылы - 5 рет)

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ, Орталық Азиядағы кооперациялық байланысты кеңейтуді ақылдасқан.

Сооронбай Жээнбеков пен Нұрсултан Назарбаев. Фото: Sputnik Қазақстан
Сооронбай Жээнбеков пен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Үшінші орынға Қырғызстанның басшысы Сооронбай Жээнбеков жайғасты. Бұл позиция бойынша ол көрші елдің басшысы Түркия президенті Реджеп Эрдоғанды алмастырған (2018 жылы - 4 рет, 2017 жылы - 4 рет).

Өткен жылы Жээнбеков Елбасымен телефон арқылы 5 рет сөйлескен. Бұған дейін 2017 жылы Назарбаев көрші елдің басшысымен (2017 жылы 24 қарашада билікке келген) тек бір рет телефон арқылы хабарласыпты.

Елбасы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевпен сөйлеспеген.

Өткен жылы Қазақстан пен Қырғызстанның басшылары телефон арқылы мемлекеттің қазіргі жағдайын, екі жақты ынтымақтастықтың болашағын, Еуразиялық экономикалық одақ аясында екі елдің өзара іс-қимылын талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776237-nazarbaev-telefon-arkyly-kimdermen-kp-sjlesedi/

pixel