Әр жылдары Қазақстан үкіметін кімдер басқарды?
Жарияланған күні:
Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін үкімет отставкаға кетті. Премьер-министр міндетін уақытша атқарушы болып Асқар Мамин тағайындалды. NUR.KZ тәуелсіздік алғалы осы қызметте кімдер отырғанын еске алуды жөн көрді.
Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды. Ол үкіметті 1991 мен 1994 жжылдар аралығында басқарды. Оған дейін ол Қазақ КСРО президентінің орынбасары болған.
Ол кәсіпорындар ассоциациясының төрағасы, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару саласындағы ұйымдарға басшылық етеді, Қазақстандағы славян, казак ұйымдарының жетекшісі, сонымен қатар ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі. Терещенко Қазақ ауылшаруашылық институтын аяқтағанын айта кету керек.
Сонымен қатар Сергей Терещенко Алматының құрметті азаматы және Израилдың құрметті консулы.
Бірнеше жыл қатарынан Forbes-тың ең беделді кәсіпкерлері тізіміне еніп жүр.
Әкежан Қажыгелдин
1994 пен 1997 жылдар аралығында Қазақстан үкіметін басқарды. Оған дейін премьер-министр орынбасары қызметін атқарған. Қызметінен кеткен соң президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінде болды. 1998 жылы президент сайлауында үміткер болды, кейін опозицияға кетіп қалды.
Нұрлан Балғымбаев
1997 жылы премье-министр лауазымына тағайындалғанда мұнай компаниясының президенті болған. Осы міндетті екі жыл атқарды. Сосын қайтадан мұнай саласына барып, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналыса бастады. 2015 жылы Балғымбаев өмірден озды.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сенат спикері 1999 бен 2002 жылдар аралығында премьер-министр міндетін атқарды. Кейін сыртқы істер министрі болып, ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде елеулі рөл атқарды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтің әкесі белгілі жазушы Кемел Тоқаев, Ұлы отан соғысының ардагері.
Иманғали Тасмағамбетов
Премьер-министрдің орынбасары болып, 1998-1999 жылдары президенттің бірінші көмекшісі қызметін атқарды. Кейін Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылы премьер-министр қызметіне тағайындалып, 2003 жылы мемлекеттік хатшы қызметіне ауысты.
Тасмағамбетов президент әкімшілігін басқарып, Алматы әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министрдың орынбасары міндеттерін атқарып, 2017 жылы Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Тасмағамбетов тарихты, аргеология мен этнографияны жақсы көреді.
Даниал Ахметов
2003 пен 2007 жылдар аралығында премьер-министр лауазымын атқарды. 2007 жылы 8 қаңтарда қызметінен кетуге өтініш білдіріп, Елбасы өтінішін қабылдады. Қазір Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Кәрім Мәсімов
Екі мәрте Қазақстан премьер-министрі болды. Мәсімов осы лауазымда ең көп, сегіз жыл бойы отырған шенеунік. 2007 мен 2012 жылдар аралығында, сондай-ақ 2014 пен 2016 жылдар аралығында үкіметті басқарды.
Оның мансабы Қазақстанның Қытай коммерциялық құрылымдардан басталған. Ол Гонконгтағы "Тұранбанктың" басқару төрағасының міндетін атқарды, сосын "Қазақстанның халық жинақтаушы банкының" басқару төрағасы болды.
Қазір Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы. Ол бірнеше тілді меңгерген: орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін біледі. Спортқа әуестігі бар: тау және жүгіру шаңғысы, тауға өрмелеу, гольфпен шұғылданады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы тай боксының федерациясының президенті болып табылады.
Серік Ахметов
Қазақстан премьер-министр міндетін 24 қыркүйек 2012 мен 2 сәуір 2014 жылдар аралығында атқарды. Кейін отставкаға кетуге өтініш беріп, президент оны қабылдады.
Ахметовтың мансабы даулы аяқталды. Сыбайлас жемқорлық үшін айыпталған бұрынғы шенеуік 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Бақытжан Сағынтаев
2016 жылы Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалғалы бері премьер-министр міндетін атқарып келді.
Мансабын Алматы ауыл шаруашылық институтының саяси экономика кафедрасынан бастаған. Біраз уақыт кәсіпкерлікпен айналысқан.
Кеше 21 ақпан күні министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бұрынғы премьер-министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780070-r-zyldary-kazakstan-kimetin-kimder-baskardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.