RU

"Алтынкөл" бекетінің бастығы парамен ұсталды (видео)

Алматы облысындағы "Алтынкөл" бекетінде радиациялық фон деңгейі жоғары тауарлар бар вагондарды өткізгені үшін бекет бастығы ұсталды. Ол кәсіпкерлерден миллиондап пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Ұлттық бюро департаменті "Қазақстан темір жолы ҰҚ" АҚ "Алтынкөл" темір жол бекетінің басшысына қатысты парақорлық фактісін тіркеді.

Ол радиациялық фон деңгейі жоғары тауарлар бар вагондарды өткізгені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде 17 мың доллар, яғни, 6,7 млн теңге алған деп күдіктеліп отыр.

Бүгінде бекет бастығы Талдықорғандағы уақытша изоляторға қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдіктіге бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780103-altynkl-beketini-bastygy-paramen-staldy-video/