42 келі салмақ тастаған министр Дәленов бұрын қандай болған?
Опубликовано:
Ұлттық экономиканың жаңа басшысы Руслан Дәленов әлеуметтік желіде ең сымбатты министр атағына ие болуда. Оған қоса, халықтың ыстық ықыласына ие болған 44 жастағы министр салмағы бұған дейін 112 келі болғанын айтып, көпшілікті таңғалдырған. KAZ.NUR.KZ жаңа басшының арықтағанға дейін қандай болғанын назарларыңызға ұсынбақ.

Дәленовтың толық болған кезінен тек бір сурет ғана табылды. Алайда, оның өзі жаңа министрдің қазіргі таңда қатты арықтап кеткенін аңғартады.

Дәленовтың дене салмағы 2008 жылы 112 келі болған.
Қан көрсеткішін қалыпқа келтіру мақсатында ол тоғыз ай ішінде 42 келіге арықтап кетіпті.

Бүгінгі күні ол күнделікті бассейнде бес шақырым жүзіп, фортепиано мен домбырада ойнайды.
Сонымен қатар, Дәленовтың айтуынша ол - жақсы суретші.

"Кейбір жиналыстарда әріптестерімнің суреттерін салатынмын. Әйел вице-министрлер оларды салмауым үшін менің алдыма отырмауға тырысатын. Оған қоса, менде Тимур Мұратұлына (Тимур Сүлейменов - ұлттық экономика экс-министрі) қарағанда ақ шашым аз." , - деп мақтанды Дәленов "Время" басылымына берген сұхбатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781374-42-keli-salmak-tastagan-ministr-dlenov-bryn-kandaj-bolgan/