Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин үкімет отырысының уақытын өзгертті

Опубликовано:

Асқар Мамин үкіметке жаңа кесте енгізді. Енді сейсенбілік отырыстар әдеттегідей сағат 10:00-де емес, бір сағат ерте яғни 9-00 де басталатын болды. Бұл кестеге үйренбеген көптеген баспасөз хатшылары өз басшыларының баяндамасын үйде ұмытып кеткен деп жазады Время" басылымы.

Фото: Liter.kz, Kazday.kz; Коллаж: NUR.KZ
Фото: Liter.kz, Kazday.kz; Коллаж: NUR.KZ: UGC

Үкімет кулуарында Маминнің таңғы сағат төртте тұрып, жаттығу жасаған соң ағылшын және қытай тілдерін оқитынын айтуда.

Премьер-министрдің ерте тұруға деген құлшынысы министрлер кабинетіне де әсерін тигізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, енді үкімет отырыстары бір сағат ерте басталатын болды.

Осыған дейін саясаттанушылар Маминнің қатаң жұмыс істейтінін болжаған еді. Алайда, оның қазіргі стилі қатаң регламент пен қысқа сөйлеу болып отыр. Оған күні кеше өткен жиналыстың 45 минутқа ғана жалғасқаны дәлел бола алады.

Жиындарда өздерін жаңа қырынан танытып жатқан министрлер бар. Мысалы, Роман Скляр өз есебін тек қазақ тілінде баяндады. Жаңа министр бұл жетістігін бала кезінде ауылдағы туыстарына барып, қазақ тілін меңгеріп алғанымен түсіндірді.

Роман Скляр. Фото: Twitter.com/industry_kz
Роман Скляр. Фото: Twitter.com/industry_kz: Twitter
"Мен алты жасымнан бастап ауылға туыстарыма баратынмын. Сол жақта көп сөйлесіп, үйреніп кеттім. Арнайы тілді оқыған жоқпын. Сол кезде сөйлеуді үйренбесем, қазір меңгеріп кете алмас едім.
Өкінішке қарай, Кеңес үкіметі кезеңінде мектептерде қазақ тілі оқытылмады. Маған әлі де оқуды жалғастыру керек", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы.

Өзін ерекше танытқан министрлердің қатарына Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қосуға болады. Ол журналистер алдына екінші рет арнайы суреттермен шығып отыр.

Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva
Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva: UGC

Өткен жолы коммуналдық қызмет бойынша түбіртектерді көрсеткен министр бұл отырысқа базардағы тексеру барысында түсірілген қызанақтар мен қиярлардың суретін алып келген.

Ол мереке күндерінде азық-түліктің бағасын көтеру дұрыс емес екенін, қазіргі уақытта бағаларды монополияға қарсы комитет қызметкерлері тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Үкіметтің құбылуына тек гардеробшылар ғана үйрене алмай келеді. Өйткені, олар үкіметте 1997 жылдан бері жұмыс істейді екен.

Гардеробта жұмыс істейтін қызметкерлер үкімет жиналысын ең ерте өткізетін премьер-министр Кәрім Мәсімов екенін алға тартты. Ол қызмет уақытында министрлермен таңғы сағат 08:00-де жабық режимде кездесетін болған.

Фото: "Время" басылымы
Фото: "Время" басылымы: UGC

Ақпаратты көшіру және пайдалану тек "Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1782167-askar-mamin-kimet-otyrysyny-uakytyn-zgertti/

pixel