Ақтөбе облысының жаңа әкімі әйелдер алдында галстугын шешіп тастады
Опубликовано:
Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалин мейрам қарсаңында кәсіпкер әйелдермен кездесті. Мерекелік шараға сәл кешігіп келген басшы келіншектерден кешірім сұрап, кездесу үстінде галстугын шешті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Формально емес, бейресми кездесу болсын. Әдемі костюм-шалбар киіп, галстук тағып келдім. Қарсы болмасаңыздар галстугымды шешемін",- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Әкім өңірдің кәсіпкер әйелдерін келе жатқан аналар мерекесімен құттықтап, еркін әңгіме-дүкен құрды.

Шенді өзінің де тоқсаныншы жылдары бизнесте болғанын, шаңғы тебуді ұнататынын айтып берді.
Мұны естіген кәсіпкер келіншектер Ақтөбеде енді шаңғы орталығы салынатынын айтып, шуласты.
Естеріңізге сала кетсек, Оңдасын Оразалин 26 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1782363-aktbe-oblysyny-zaa-kimi-jelder-aldynda-galstugyn-sesip-tastady/