jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Назарбаев әйелдер қауымын Ақордаға жинап, ерекше әңгіме-дүкен құрды (фото)

    : Twitter

    Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Елбасы барша қыз-келіншектер мен Қазақстан азаматшаларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, көбірек армандауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Президент 8 наурыз мерекесін әйелдердің сұлулығы, махаббаты мен отбасылық құндылықтарын бағалайтын әрі мақтан тұтатын күн деп атады.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Фото: NUR.KZ
    Назарбаев әйелдер қауымын мейраммен құттықтады: Original
    "Адамзаттың мықты өкілдері сіздерді қуантып, барынша таңғалдыруға тырысып жатыр. Бастысы тырысып жатқаны ғой, солай емес пе? Әйел адамның ойынан шығу аса маңызды. Егер 8 наурызға қалаған сыйлығыңызды ала алмасаңыз, көбірек армандап, қолыңды барынша жеткізуге талпыну керек" , - деді Назарбаев.
    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: UGC

    Елбасы әйелдерге қатысты қызықты статистиканы мысалға келтірді.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Оның сөзінше, қыз-келіншектер айнаның алдында 120 сағат отырып, өмірінің 17 жылын диета ұстауға арнайды екен.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Назарбаев "Құдай ер адамды жаратқан соң өзінің күші жетерлік екеніне көз жеткізіп, әйелді жасап шығарғанын" мәлімдеді.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original
    "Орта есеппен алғанда әрбір отбасыда үш бала тәрбиеленіп отыр. Жылына 400 мың сәби дүниеге келеді. Балалар - шексіз байлық. Олар ата-анасының ғана емес, елінің де мақтанышы әрі болашағы.
    Сол себепті, барша аналар, әсіресе көпбалалылар марапаттың барлық түріне ие. Сіздерге мың алғыс. Бұл аса ауыр еңбек. Олар өз халқының санын көбейтіп жатыр" , - деді Елбасы.
    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Бұл кездесу барысында президент әйелдер қауымымен көп қалжындасты. Ол Фаину Раневскаяның "әйел адам аяғы әдемі жігітті көрсе, есін жоғалтпас еді" деген сөзін еске алды.

    Оған қоса, Назарбаев орын алған келіспеушілікте әйелдерін кінәлайтын ер адамдарға қатысты әзіл айтты.

    "Ер адамдардың көбіне үкімет пен әйелінің ақшаны қалай жұмсайтыны ұнамай жатады. Алайда, бұл жағдайда үкіметті ғана сынауға ерлігі жетеді" , - деді ол.

    Өз қалжындарымен президент жиынға қатысқан әйелдердің күлкісіне себепкер болды. Мемлекет басшысы әйелдердің күлікісінің арқасында ерлерден ұзақ өмір сүретінін айта кетті.

    Назарбаев әйелдер қауымын Ақордаға жинап, ерекше әңгіме-дүкен құрды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.