Мәдина Әбілқасымова мен Есжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Ұлттық Банк төрағасының жаңа екі орынбасарын тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;
Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785788-mdina-bilkasymova-men-eszan-birtanov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/