Назарбаев сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесті (фото)
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелескен.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шамалғанға келіп, жерлестерімен кездесті. Ол жергілікті тұрғындардың алдында сөз сөйлеп, салынып жатқан дене шынықтыру мен сауықтыру орталығына барып қайтты.
Әңгімелесу барысында ежелгі достар өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786558-nazarbaev-synyptastarymen-zne-bala-kezdegi-dostarymen-kezdesti-foto/