Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дарын Тұяқов жаңа қызметке ауысты

Опубликовано:

Дарын Шылбыұлы Тұяқов Қазақстан үкіметінің қаулысымен цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дарын Туяқов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: mail.kz: UGC

Дарын Тұяқов 1969 жылы 25 мамыр күні Алматы облысында дүниеге келген.

Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуе қорғанысы училищесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған

Еңбек жолын алғаш 1990 жылы бастаған. Әуе қорғаныс күштері радиотехникалық әскер жеке радиолокациялық ротасының командирінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2002 жылдан 2018 жыл аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі қызметтерде — заң бөлімінің бастығынан бас директорға, Аппарат басшысы, Басқарма мүшесіне дейінгі қызметтерді атқарған.

2018–2019 жж. — ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787372-daryn-takov-zaa-kyzmetke-auysty/

pixel