Қоңыров президенттікке үміткер болуға дайын екенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Қазақстандағы кезектен тыс сайлау 9 маусым күні өтпек. Бұл тұрғыда, "Халық" коммунистері фракциясының басшысы Айқын Қоңыров президенттікке үміткер болуға дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дариға Назарбаева Қазақстандағы президент сайлауына қатыспайды>>>
Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>
Қазақстандағы сайлау: "Нұр Отан" партиясы кандидат ретінде кімді ұсынбақ?>>>
Мәжіліс депутаты Халықтық Коммунистік партияның президент сайлауына қатысатынын айтты.
"ҚХКП кезектен тыс президент сайлауына қатысатыны жөнінде шешім бар. Съезд кезінде ұсынылған үміткерлердің арасынан ең лайықтысы таңдалады. Ол алдағы президент сайлауында партияның атынан шығатын болады" , - деді ол журналистерге.
Қоңыров партия сайлауға өзін қатыстыруға шешім қабылдаса, президенттікке үміткер болуға дайын екенін жеткізді.
«Өткен сайлау компанияларының тәжірибесі бойынша, әдетте екі-үш үміткер ұсынылып, съезд олардың қайсысы лайықты екені туралы шешім қабылдайды. Сол себепті, менің әріптестерім бұл шешімді қабылдап жатса, мен одан бас тартпаймын. Егер басқа кандидатураға қатысты шешім шықса, мен оны қолдаймын" , - деді ол.
Айқын Қоңыров Facebook желісіндегі ресми парақшасында 9 сәуір күні коммунистік партияның орталық комитетінде кезектен тыс отырыс өтетіні жайлы хабарлады.
Бұл жиында кезектен тыс президент сайлауына қатысу мен партия съезін ұйымдастыру мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдап, кезектен тыс сайлау қашан болатынын хабарлады.
Артынша отандық саясаттанушы "Нұр Отан" партиясының атынан сайлауға кім түсетінін айтты.
Дариға Назарбаеваның көмекшісі оның кезектен тыс президент сайлауына қатыспайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787889-koyrov-prezidenttikke-mitker-boluga-dajyn-ekenin-mlimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.