Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Опубликовано:
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды. Бұл қызметке Жұлдыз Омарбекова келген деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Үкімет қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды" , - делінген хабарламада.
Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған.
Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, "Бауыржан" қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болған.
2013-2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, 2014-2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары;
2016-2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары;
2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР қоғамдық даму вице-министрі қызметтерін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788052-akparat-zne-kogamdyk-damu-vice-ministri-tagajyndaldy/