Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапарымен келді
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788337-kasym-zomart-tokaev-aktauga-zmys-saparymen-keldi/