Кәрім Мәсімов қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді
Опубликовано:
ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов әкесінің өлімінен кейін өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді. Саясаткер өзінің Twitter парақшасында арнайы жазба қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы күндері біздің қайғымызды бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Мәсімовтер отбасы" , - деп жазған комитет басшысы.
Оған қоса, Мәсімов әкесі жазған кітапқа сілтеме қалдырған.
Айта кетейік, Қажымқан Мәсімов 80 жасында Алматыда қайтыс болды. Оны тоғызыншы сәуір күні жерледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788683-krim-msimov-kazakstandyktarga-algysyn-bildirdi/