Алғашқы президенттік қабылдау: Тоқаев Ақордада Мун Чжэ Инді күтіп алды (фото)
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз резиденциясында елге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының басшысы Мун Чжэ Инді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл екі басшы үшін де ерекше кездесу болды. Мун Чжэ Ин Қазақстанға бірінші рет келсе, Тоқаев Ақордада алғашқы президенттік қабылдау өткізді.

Мемлекет басшылары бір-бірінің қолын алып, қазақстандық және кореялық делегацияға амандасты. Әнұран тыңдаған соң президенттер кездесуді шағын құрамда жалғастыруға кетті.


Айта кетейік, Корея президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары Орта Азия елдеріне турне аясында 21-23 сәуір күні өтеді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790302-algasky-prezidenttik-kabyldau-tokaev-akordada-mun-cze-indi-ktip-aldy-foto/