Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың жерлестері оны күтіп алуға қызу дайындалып жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына іс-сапары қарсаңында өңірде қарбалас басталды. Мемлекет басшысының келуіне орай бәрінен де Кәлпе ауылының тұрғындары қызу дайындалып жатыр. Президенттің әкесі туған елді мекен Тоқаевты жоғары деңгейде күтіп алу үшін барын салуда деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Кәлпе. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL)
Кәлпе. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL): UGC

Кәлпе тұрғындары Тоқаевтың Алматыда дүниеге келгеніне қарамастан, мемлекет басшысын өз жерлесі деп есептейді. Себебі, саясаткер балалық шағының біраз бөлігін әкесі дүниеге келген ауылда өткізген.

Елді мекен облыс орталығы Талдықорғаннан 50 шақырымдай жерде, Алматыда 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың көпшілігі қызылша өсіру кәсібімен айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдастары оның мемлекет басшысы атанғанын естігенде, қатты қуанғандарын айтады. Олар өз жерлесін асыға күтіп жүр. Оған қоса, президент келген соң Кәлпенің жағдайы жақсарады деген үмітте.

Мемлекет басшысының әкесі туған ауыл басқа елді мекендерге қарағанда қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген.

Жақын арада орталық көшедегі тас жолға жаңа асфальт төседі. Бұл жерде, еңбек биржасында тіркелгендер қызмет етіп жатыр. Олар көше сыпыруымен айналысады.

Кәлпе. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL)
Кәлпе. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL): UGC

Тұрғындар соңғы уақытта ауылда қызу жұмыс жүріп жатқанын айтты. Олар бұл қарбаласты президенттің келуімен байланыстыруда.

Зоя Асанбаева есімді келіншек бұл ауылда 25 жыл бойы тұрып жатқанын жеткізді. Ол жергілікті жігітке тұрмысқа шығып, осында қалып қойған.

"Тоқаев бізге қайын аға болып келеді" , - деді ол.

Журналистер Кәлпе әкімі Сержан Аңдасбаевпен де тілдесіп қайтты. Ол бес жылдан бері басшылық қызметте. Ауылдағы қызу дайындықты "бұл - тұрғындардың жерлесіне деген құрметі" деп түсіндірген.

Сержан Аңдасбаев. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL)
Сержан Аңдасбаев. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL): UGC
"Кез келген адам, былайша айтқанда кез келген саналы азамат, алыстан құрметті қонақ келсе, жан-жағын әдемілеп, етек-жеңін жинап, жақсы күтіп алуға тырысады. Енді жылдағыдан ерекше тазалық болса, бұл – тұрғындардың көзқарасы, тұрғындардың жерлесіне деген құрметі" , - деді әкім.

Аңдасбаевтың айтуынша, Тоқаев балалық шағы өткен ауылға 2002 және 2007 жылы келіп кеткен. Ауыл әкімі Қазақстанның қазіргі президенті туған жерімен байланысын үзбегенін алға тартты.

2007 жылы ауыл көшелерінің біріне болашақ президенттің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілген.

Сонымен қоса, тұрғындар Тоқаевпен бір ауылдан болғандықтан, онымен туыс болып келетінін айтуда.

Поликлиника. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL)
Поликлиника. Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL): UGC

Ауылда жүргізілген жөндеу жұмыстары көпшілікті қуантты. Кейбір жолдар қайта жөнделіп, қақпалар боялған. Алайда, алда әлі істейтін шаруа көп.

Самал Бабыкенова есімді ауыл тұрғыны күйеуі екеуі қызылша мен жүгері өсірумен айналысатындарын айтты. Оның сөзінше, бұл жерде мал бағуға мүлде қолайсыз.

"Ауылда бір айдан бері жұмыс қызу. Ауылға президент келеді деп, бір айдан бері дайындалып жатыр", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кәлпеге қашан келетінні белгісіз. Алайда, жергілікті халық оның туған ауылына ат басын бұрып, орын алған бірқатар мәселелерді шешіп береді деген үмітте.

Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL)
Фото: Nurtay Lakhan (RFE/RL): UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791821-tokaevty-zerlesteri-ony-ktip-aluga-kyzu-dajyndalyp-zatyr-foto/