Қазақстандағы сайлау: Сайлауалды үгіт-насихат басталды
Опубликовано:
Қазақстандағы сайлау: Елімізде президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаты басталды. Бұл кезең маусымның 7-і күні түнгі 23:59-де аяқталатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үміткерлер сайлауалды үгіт-насихатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асыра алады. Оған қоса, оларға сайлауалды шараларын ұйымдастырып, үгіт-насихат материалдардың жазбаша әрі аудио нұсқаларын таратуға рұқсат берілген.
Президенттік сайлау тоғызыншы маусымда жексенбі күні сағат таңғы 07:00 бастап, кешкі 20:00-ге дейін болып өтпек. Сайлауға бір күн қалғанда үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Сегізінші маусым - тыныштық күні.
Дауыс нәтижелері ОСК-ға 11 мауысымнан кешіктірілмей ұсынылу керек.
Еске сала кетейік, ОСК Қазақстан президеттігіне барлық үміткерлерді тіркеп үлгерді. Оларды рәсімдеу уақыттан бұрын аяқталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793431-kazakstandagy-sajlau-sajlaualdy-git-nasihat-bastaldy/