RU

Зеленский ресми түрде Украина президенті атанды

Владимир Зеленский президент антын беріп, президенттік биліктің рәміздерін қабылдады. Ол Украина мемлекетінің көшбасшысы қызметіне ресми түрде кірісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Тікелей көрсетілімнен кадр / "Настоящее время"
Владимир Зеленский. Тікелей көрсетілімнен кадр / "Настоящее время": UGC

Президент ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде ол әр украиналықтың президент екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы баршаны заң мен тәртіпке бағынуға шақырды.

Одан бөлек, Зеленский әлемнің әр бұрышында тұратын украиналықтарды елге, отананы оралуға шақырды.

Владимир Зеленский. Тікелей көрсетілімнен кадр / "Настоящее время"
Владимир Зеленский. Тікелей көрсетілімнен кадр / "Настоящее время": UGC

Зеленский мемлекетте болып жатқан соғысты тоқтату үшін барын салатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1794887-zelenskij-resmi-trde-ukraina-prezidenti-atandy/