Тоқаев пен Туск "АЛЖИРдегі" қасірет қақпасының алдында бас иді (фото)
Опубликовано:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск "АЛЖИР" мемориалды-музей кешеніне барды деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.
Қазақстан президенті мен Еуропалық кеңес басшысы "АЛЖИР" мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді.
31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797116-tokaev-pen-tusk-alzirdegi-kasiret-kakpasyny-aldynda-bas-idi-foto/