"Қазақстанда қос өкіметтік болмайды": Тоқаев Назарбаевпен қарым-қатынасы жайында айтты
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews.com берген сұхбатында жұмыс барысы жөнінде және президент болатынын қалай білгенімен бөліcті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттан қол үзбегенін және негізгі стратегиялық мәселелерде онымен ақылдасуды жөн санайтынын хабарлады. Тоқаев Назарбаевтан үнемі кеңес сұрайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ президент Елбасы елде қос өкіметтілік болмайтынын өзі айтып, президентке көмектесетінін айтқанын еске алды.
Тілшінің президенттікке сайланбай қаламын ба деген күдік болды ма деген сұрағына Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым күдік болатынын жеткізді.
Ол бұрын елдің премьер-министрі, 10 жыл бойы сенат төрағасы және үш жыл бойы БҰҰ Женевадағы кеңсесінің басшысы болғанын еске салды.
Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарына да, шетелде де белгілі тұлға екенін баса айтып өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799927-kazakstanda-kos-kimettik-bolmajdy-tokaev-nazarbaevpen-karym-katynasy-zajynda-ajtty/