Мақсат Сқақов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Опубликовано:
Мақсат Сқақов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бүгін Қазақстан президенті тиісті құжатқа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының қаулысымен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Мақсат Сқақов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800192-maksat-skakov-prezidentti-stattan-tys-keessisi-bolyp-tagajyndaldy/