Тоқаев елдегі жағдайға жанашырлық білдірген Жээнбековке алғыс айтты
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайға алаңдаушылық пен жанашырлық танытқан Қырғызстан басшысына алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қырғыз президентіне деген ризашылығын өзінің Тwitter парақшасы арқылы жеткізген.
Ол тек қана Сооронбай Жээнбековке ғана емес, барша бауырлас қырғыз халқына алғыс айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1801640-tokaev-eldegi-zagdajga-zanasyrlyk-bildirgen-zeenbekovke-algys-ajtty/