Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли Тоқаевтың сүйікті телебағдарламаларын атады

Жарияланған күні:

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Egemen Qazaqstan" газетіне көлемді сұқбат берді. Тілдесу кезінде ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың не оқып, не көретінін және қандай тілдерде сөйлей алатынын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zhambyl.gov.kz
Фото: Zhambyl.gov.kz: UGC

Әңгіме барысында журналист мемлекет басшысы қазақтілді БАҚ-ты оқи ма деген сұрақ қойды.

"Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының 5 тіл білетінін айтып өттіңіз. Президент көп жерде қазақша сөйлеп жүр, дегенмен былайғы жұрт ол кісіні орыстілді деп ойлайды. Мемлекет басшысы қазақтілді БАҚ-ты оқи ма?", - деген сұрақ қойды журналист.
"Əрине "Egemen Qazaqstan", "Айқын", "Астана ақшамы" газеттерін күнделікті оқиды. Олардан басқа "Ана тілі", "Түркістан", "Қазақ əдебиеті", "Жас қазақ", "Алматы ақшамы" секілді апталықтарды қарап, бақылап отырады", - дейді Берік Уәли.

Оның айтуынша, жақсы мақалалар мен сұхбаттар пайда болса, президент оларды асықпай оқып, астын сызып, түртіп қояды екен.

Мерзімді басылымдарға шыққан сыни немесе проблемалық мақалаларды оқып, құзырлы органдарға арнайы тапсырмалар беретін кездері де болады", - деп атап өтті Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы, белгілі болғандай, отандық бағдарламаларды көреді екен.

Мəселен, өзім жүргізген "1-студия" саяси ток-шоуына қатысты кезінде ҚасымЖомарт Кемелұлы твит жазып, жылы лебізін білдірді. Бұл ұжым үшін үлкен қуаныш болған еді", - дейді Берік Уәли.

Сонымен қатар, ол "Дара жол" бағдарламасының ұжымына және журналист Дана Нұржігітке алғысын білдірді. Сондай-ақ, прездиент "Таңшолпан" бағдарламасының тұрақты көрермені болып шықты.

"Шалқар" радиосын үнемі тыңдап отырады. "Нағыз қазаққа жақын əңгімелер айтылады" деп пікір білдіргені есімде. Яғни, қазақ газеттерін оқиды, тележобаларды қарайды, қазақ радиохабарларын тыңдайды", - деді презиеденттің баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1807365-berik-uli-tokaevty-sjikti-telebagdarlamalaryn-atady/