jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Премьер-министрдің орынбасары Арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты

    : Facebook

    Бүгін Арыс қаласына жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді, деп хабарлайды Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Премьер-Министрдің орынбасары арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
    Сурет: shymkent.gov.kz: Facebook

    Шымкент қаласына бекітілген 10-шы секторда жүргізіліп жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады.

    Премьер-Министрдің орынбасары арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
    Сурет: shymkent.gov.kz: Facebook
    "Залалды бағалау және жою үшін Шымкент қаласы әкімдігінің және 13 мердігерлік ұйымның 553 маманы жұмылдырылып, 3 кезекте тәулік бойы жұмыс істеуде. Сараптама нәтижесінде анықталған сектордағы 652 тұрғын үйдің 604-інде жөндеу жұмыстары жүруде, 32 үйдің апатты болуы және толық өртенуі себебінен орындарына жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 161 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. 1 тамызға дейін барлық үйлердің шатырлары мен терезелері қалпына келтіріледі. Ал 15 тамызға дейін ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтаймыз", - деді қала әкімі.
    Премьер-Министрдің орынбасары арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
    Сурет: shymkent.gov.kz: Facebook

    Ғ. Әбдірахымовтың баяндауынша, Шымкентке тиесілі секторда екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың, әр үйдің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапалы болуы қала әкімінің қатаң назарында.

    Премьер-Министрдің орынбасары арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
    Сурет: shymkent.gov.kz: Facebook

    Сапар барысында Арыс қаласының тұрғындары құрылыс нысанындағы жұмыстар сапалы орындалып жатқанын айтып, өз алғыстарын білдірді.

    Премьер-Министрдің орынбасары арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
    Сурет: shymkent.gov.kz: Facebook

    Премьер-министрдің орынбасары Арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.