Асқар Мамин Арысқа тексеріспен келді (фото)
Жарияланған күні:
Премьер-министр Асқар Мамин Шымкенттен Арысқа тікұшақпен ұшып келді. Ол жерде үкімет басшысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ИИДМ орынбасары Қайырбек Өскенбаев күтіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Маминмен бірге жарылыс орын алған қалаға Дәурен Абаев, Елжан Біртанов, Нұрлан Ермекбаев және тағы басқа министрлер келген. Шенеуніктер құрылыстың қалай жүріп жатқаны мен зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарын тексеріп жатыр.
Министрлер Арыстағы аудандық ауруханаға да ат басын бұрды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов емхана ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып жатқанын хабарлады.
Мамин аурухананың іші-сыртын, бөлімдерін, жансақтау бөлімі мен қабылдау бөлмесін қарап шықты.
"Барлық қажетті көмек көрсетілді деп үміттенемін? Сұрақтарыңыз бар ма? Барлық көмек уақытылы көрсетілу керек" , - деді Мамин.
Айта кету керек, бүгінгі күні көптеген арыстықтар әлі де өз үйлеріне кіре алмай жатыр. КТК арнасының хабарлауынша оған жөндеу жұмыстары аяқталмай жатқаны себеп болған.
Жарылыс салдарынан қаладағы үйлер мен ғимараттардың 80% зардап шекті. Олардың ішіне мектептер, кафе мен дүкендер де кіреді. 31 шілде күніне дейін 5776 үй қалпына келтірілген.
Олардың жартысынан астамында косметикалық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1808935-askar-mamin-aryska-tekserispen-keldi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.