Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанды кімдер басқарады?

Опубликовано:

KAZ.NUR.KZ Қазақстанның ірі қалаларын кім басқарады деген сұраққа жауап береді. Бүгін біз назарларыңызға елордамыздың басшылығы туралы материалды ұсынамыз.

Нұр-Сұлтан. Фото: abctv.kz
Нұр-Сұлтан. Фото: abctv.kz: Twitter

Нұр-Сұлтанда соңғы жылда бірнеше әкім ауысты.

Екі жылдан астам қаланы басқарған Әсет Исекешев 2018 жылдың қыркүйегінде президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Оны алмастырған қала басшысы Бақыт Сұлтанов қызметін бір жыл да атқарған жоқ. Маусым айында ол сауда және интеграция министрі болып, үкіметке оралды.
Алтай Көлгінов. Фото: bko.gov.kz
Алтай Көлгінов. Фото: bko.gov.kz: UGC

Бүгінде елорда әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалған.

Өзінің алдында болған әкімге қарағанда Көлгіновтің қала мен аймақты басқару тәжірибесі бар. Тағайындалғанға дейін ол 2016 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысын басқарды.

Бұған дейін Көлгінов үш жыл Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ол облыс орталығының басшысы лауазымына БҚО әкімінің орынбасары қызметінен ауысты.

Көлгіновті Нұр-Сұлтан басшысы етіп тағайындағаннан кейін екі ай өткен де жоқ. Алайда, осы уақыт ішіндегі қызметін саралайтын болсақ, мәселлерді шешу үшін белсенді түрде қолға алған екі негізгі блокты бөліп көрсетуге болады.

Бұл шеткі аймақтағы және алданған үлескерлердің мәселесі.

Айта кету керек, ол келгеннен кейін елорда әкімдігінде ірі кадрлық өзгерістер басталды.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтынбек Қайсағалиев пен Бақтияр Мәкенді өз орынбасарлары етіп тағайындады. Бұрын екеуі де БҚО және Орал әкімдіктерінде жұмыс істеген.
Алтынбек Қайсағалиев. Фото: astana.gov.kz
Алтынбек Қайсағалиев. Фото: astana.gov.kz: UGC

Қайсағалиев әр жылдары Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасын басқарды, Орал әкімінің орынбасары, Орал әкімі аппаратының басшысы, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

Жаңа орында ол алданған үлескерлер, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерімен айналысатын болады.

Сондай-ақ, оның қарауында коммуналдық шаруашылық, автожолдар құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.

Бақтияр Мәкен. Фото: astana.gov.kz
Бақтияр Мәкен. Фото: astana.gov.kz: UGC

Мәкен тағайындалғанға дейін мәжіліс депутаты болды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Алматы қалалық ішкі және жастар саясаты басқармасын басқарды.

Жаңа орында ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Елорда әкімінің бес орынбасары бар. Осылайша, олардың үшеуі, яғни, Нұрлан Нұркенов, Асқар Әмрин және Малика Бектұрова өз лауазымын сақтап қалды.

Нұрлан Нұркенов. Фото: assembly.kz
Нұрлан Нұркенов. Фото: assembly.kz: UGC

Нұркенов 2019 жылы ақпан айында қала басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. Әр жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі болды.

Асқар Амрин. Фото: elorda.info
Асқар Амрин. Фото: elorda.info: UGC

Амрин 2017 жылдың қазан айында қала басшысының орынбасары болды. Әр жылдары ол астана әкімінің кеңесшісі, қаржы вице-министрі, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, бас прокурор аппаратының басшысы, әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры болды.

Малика Бектұрова. Фото: astanatimes.com
Малика Бектұрова. Фото: astanatimes.com: UGC

Бектұрова 2016 жылдың мамыр айында Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін елордалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды. Әр жылдары қаржы, көлік және коммуникация, индустрия және сауда министрліктерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809475-nr-sltandy-kim-baskarady/

pixel