Арнайы жасақ Атамбаевтың үйіне қайта шабуылды бастады (фото)
Жарияланған күні:
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына екінші шабуыл басталды. Милиция дыбыстық граната лақтыруда деп хабарлайды akipress.org-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тағы да оқыңыздар:
МҰҚК: Атамбаевтың жақтастары тірі қалқан ретінде әйелдер мен балаларды қолданды>>
Атамбаевты ұстау операциясы: Тұтқындалған сарбаздар видеоүндеу жолдады>>
Сооронбай Жээнбеков: Атамбаев заңды өрескел бұзды>>
Сол арада бұған дейін Атамбаевтың үйінің маңында жиналған оның 500-ге жуық жақтастары Беш-Кунгей жаққа бағыт алғаны хабарланды.
Адамдардың таспен және таяқпен қаруланғаны да айтылуда.

Sputnik Қазақстан-ның мәліметінше, оқиға орнында қауіпсіздік қызметкерлерінің екі жүзге жуық өкілі жүр. Бұл Атамбаев жақтастарынан жарты есе аз.

Арнайы жасаққа Молотов коктейльдері мен тастар лақтыруда.
Жарықтық-дыбыстық граната қодагылғаннан кейін Атамбаевтың жақтастары кейін шегіне бастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809998-arnajy-zasak-atambaevty-jine-kajta-sabuyldy-bastady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 1
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Иә, Құдай бізді осындайдан сақтасын! Арандатушылардың тіліне ермейік!
Дулатбек18