Жээнбековке дейін Қырғызстанды басқарған экс-президенттер жайлы не білеміз?
Жарияланған күні:
Қырғызстанда бұрынғы президентке қатысты тағы да шу шықты. Бір қызығы осы жолы жергілікті халық экс-басшы Атамбаевқа қарсы көтерілмеді. Керісінше, оны ұстауға келген арнайы жасақ жауынгерлеріне қарсы тұрды. Осыған байланысты Sputnik Қазақстан Қырғызстанды басқарған президенттердің қызметінен қалай кеткені туралы жазды.
Басылымның мәліметінше, Қырғызстанның алғашқы басшысы Асқар Ақаев үш рет президенттікке сайланған.
Алайда ол 2005 жылы "қызғалдақ төңкерісі" нәтижесінде шетелге қашуға мәжбүр болған. Кейін Ақаев Ресейде ғылыммен айналысып, Мәскеу мемлекеттік универсиетінде жұмыс істеп жүр деген ақпарат тарады.
Сарапшылардың айтуынша, Ақаевтың кезінде Құмтор алтын кенішін шетелдіктерге беру үшін Конституцияға өзгеріс енгізілген.
Содан Қырғызстан үшін тиімсіз келісім шарт рәсімделген.
Басылымның жазуынша, ал шекараға жақын жерлер басқа мемлекетке берілгеннен кейін халықтың шыдамы таусылған. Ақсы ауданында адамдар көшеге шыққан, алайда құқық қорғаушылар оларға оқ жаудырған.
Басылым бұның барлығы төңкеріске себеп болғанын атап өтті.
БАҚ мәліметінше, "Қызғалдақ революциясынан" кейін билікке Құрманбек Бакиев келген.
Ол елді бес жыл басқарған.
2010 жылы қырғыз жерінде тәртіпсіздіктер басталып, Бакиевке де елден қашуға тура келген.
Кейінірек Беларусь арнасына берген сұхбатында экс-президент осы елге қалай барғанын және Лукашенконың оны қалай шақырғанын айтып берген.
Басылымның ақпаратынша, Қырғызстанның бас прокуратурасы Құрманбек Бакиевті экстрадициялау туралы сауал жолдаған.
Алайда Беларусь мемлекеті оны кері қайтарған.
2013 жылы қырғыз соты Бакиевті 24 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай шешім шығарғаны мәлім болды.
2010 жылғы төңкерістен кейін Қырғызстанда уақытша үкімет құрылып, арнайы декретпен Роза Отынбаева өтпелі кезең президенті болып тағайындалған.
Басылмның жазуынша, оның тұсында Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында қанды қақтығыс болып, салдарынан 400-ден астам адамның қайтыс болған.
Айта кетейік, Отынбаева Қырғызстанның бірінші әйел президенті ретінде тарихта қалды.
Ол президент қызметінен өз еркімен кеткен.
2011 жылы билік басына Роза Отынбаеваның үкіметі құрамында премьер-министр қызметін атқарған Алмазбек Атамбаев келіп, ол 2017 жылы президенттік мансабын аяқтады.
2017 жылы елдің бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті болып сайланды.
Басылым жазуынша, бас кезінде Алмазбек Атамбаев Жээнбековті қолдап жүрген. Бірақ бертін келе екі тұлғаның қарым-қатынасына сызат түсе бастаған. Атамбаевқа жақын адамдар қамауға алына бастаған.
Басылымның мәліметінше, биыл маусым айында парламент арнайы комиссия құрып, комиссия Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар деген шешімге келген. 27 маусымда бұрынғы ел басшысы экс-президент мәртебесінен айырылған. Атамбаев осы мәселеге қатысты шағым түсірген.
Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барған. Бірақ оларды кіргізбеген деп атап өтті басылым.
7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.
Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.
Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810092-zeenbekovke-dejin-kyrgyzstandy-baskargan-eks-prezidentter-zajly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.