Nur Otan партиясының хатшысы тағайындалды

Опубликовано:

Nur Otan партиясының жаңа хатшысы болып Ғабидолла Оспанқұлов тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: Facebook
"Партия Лидері Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов "Nur Otan"-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі "Nur Otan"-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметті Марат Сембеков атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812976-nur-otan-partiasyny-hatsysy-tagajyndaldy/